НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Полиция Қарағанды тұрғынының әрекетін тексереді. Ол басқа баламен төбелесіп жатқан ұлына "көмектескен". Бұл туралы Sputnik Қазақстанға өңірдің полиция департаменті хабарлады.
Болған оқиғаның видеосы желіде тарап кетті. Ойын ретінде басталған балалар төбелесі біреуінің әкесі салдарынан нағыз жекпе-жекке айналды. Ол баласына қарсыласқа қарсы қандай айла-тәсіл қолдану керектігін айтқан.
"Ұр дедім! Шапкасын шеш, құлағынан ал. Басынан ұр", - дейді ол өз ұлына.
Бұл кезде соққыға жығылған бала тыныс ала алмай жатқанын айтты. Алайда төбелес тоқтатылмады.
Маңайда өзге балалар жүр. Бұл видео желі қолданушыларының ашуына тиді.
Полиция балалар алаңында жеті жасар баланы ұру фактісі тіркелгенін хабарлады. Іс Киров полиция бөлімшесіне берілді. Тиісті сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша 39 жастағы ер адамға қатысты шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.