Әлем

Вакцина туралы жалған ақпараттың басы-қасында кім тұр?

Британдық БАҚ Ресейдің адамзатқа қарсы кезекті ақпараттық диверсиясын анықтады. Бірнеше күн бойы Тұманды Альбиондағы басты жаңалық осы болды
Sputnik

Қазір Ұлыбританияда қаншама проблема бар: елде пандемияға байланысты күрделі жағдай туындап отыр, бүкіл аймақ үкіметтің жаңа карантиндік шараларына қарсы бас көтеруде, Еуропалық Одақпен Brexit бойынша келіссөздер тығырыққа тірелді, бұл жақын болашақта экономикалық құлдырау қаупін туғызары анық. Міне, осындай келеңсіздіктер орын алып жатқан кезде британдық газеттердің бірінші бетінде: "Есерсоқ Russkies (орыстар) вакцина бізді шимпанзеге айналдыратынын жариялады" деген ауандағы басты жаңалығы жарық көреді, деп жазады РИА Новости. 

Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
Газеттердің барлығы дерлік күлкілі коллаждар жариялады, онда Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның суреті йетиге өзгертіліп, ол "Мен қар адамының вакцинасын жақсы көремін" деген сөзімен қоса беріледі. Белгісіз бір дереккөзге сілтеме жасай отырып, барлық бұқаралық ақпарат құралы мұндай суреттер "вакцина адамды маймылға айналдырады" деген желеумен Британияның коронавирусқа қарсы вакцинасының беделін түсіру мақсатында Ресей мемлекетінің немесе осы елдің ресми өкілдерінің тапсырысы бойынша таратылып отыр деп мәлімдеді.

Осы айыптаулардың барлығының негізгі дереккөзі бұл тақырып бойынша бірнеше сенсациялық материал шығарған The Times газеті болды. Оның айтуынша, бұл суреттерді редакцияға "халықтың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп алаңдаған бір азамат" ұсынған.

Бірақ бұған Ресей мемлекетінің қандай қатысы бар? Бұл туралы The Times газеті: "Бұл үгіт-насихат жұмысына Кремльдің тікелей қатысы бар ма, жоқ па, ол жағы түсініксіз, бірақ оны ұйымдастыруға және таратуға кейбір ресейлік шенеуніктердің тартылғаны туралы дәлелдер бар", – деп жазады. 

Алайда, негізгі мақалада бұл тұжырым түбегейлі түрде көрініс таппайды: "Оксфордтағы зерттеуге қарсы науқан Ресейдің ресми тұлғаларымен болуы мүмкін. Алайда бұл адамдардың қатысуы Кремльдің үгіт-насихат жұмысы туралы бұйрық бергенін, мақұлдағанын немесе білгендігін білдірмейді".

Жалпы, The Times газетінің оқырмандары үшін жарияланған, кейін барлық басқа газетте жарық көрген бұл материалдың тақырыбы (мұның бәрін Ресей жасап жатыр деген) сол күйі түсіндірілмеді. Мұның орнына басылым оқырмандарды газет сайтына кіріп, онда бәрі егжей-тегжейлі түсіндіріліп, дәлелденген 40 минуттық подкастты тыңдауға шақырады.

Басқа бұқаралық ақпарат құралдары (британдық та, америкалық та) да бұл тұжырымнан алыс кетпеген сияқты, олардың The Times жасаған тұжырымға сеніммен қарауы – осыған дәлел. Сондықтан Ресейге қарсы бағытталған жалған ақпараттар тізбесі бірқатар басылымда пайда болды.

Қазақстан тұмауға қарсы 2,2 миллион вакцина сатып алды - сапасы қандай ?
Алайда, егер сіз The Times подкастын тыңдайтын болсаңыз, онда бүкіл эфир бойы "енді біз сізге Ресей мемлекетінің осындай кампанияға қатысқанын дәлелдейміз" деп оқырманға берілген уәдені тыңдай аласыз. Ұйымдастырушылар туралы бөлімге келгенде, Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриевтің есімі аталады. Газет журналистері Дмитриевтің жеке басы, оның қоры туралы әңгімелей келе, британдық вакцинаға қарсы ол ұйымдастырған кампанияны Владимир Путиннің біле ме деген мәселені талқы таразысына салады.

Бірақ артынша таңғаларлық сөйлем жариялайды: "Кирилл Дмитриевтің есімі біздің қолымызда бар айғақтарда айтылмайды. Оның жалған ақпарат науқанына қатысқаны туралы ешқандай дерек жоқ". Міне, бар болғаны осы. Газеттің Ресейдің британдық вакцинаға қарсы бағытталған жалған ақпаратқа қатысы барын көрсететін уәде осымен аяқталады. Одан кейін тек Ресейдегі қылмыстар туралы өзінің үстірт кітаптарымен танымал болған сарапшы Марк Галеоттидің ғана бұл кампанияның артында кейбір "Кремль герцогтары мен барондары" тұруы мүмкін деген пікірі жарияланады. Ал бұл дәлел бола ала ма?

Бұл подкастта сондай-ақ кейбір ресейлік мемлекеттік арналардың екі еріктінің британдық вакцинаны салдыру кезінде қайтыс болғаны туралы жалған хабар дайындағаны, бірақ олардың өлімі мұқият жасырылғаны айтылады. Мұның астарында бұл вакцина адамдарға емес, маймылдарға арналған деген ой жатқаны анық. Кейін олар бірден: "Ресейдің жалған кампаниясы әлі басталған жоқ. Мүмкін ресейлік теледидарлар оның тым асыра сілтеушілік болатынын түсініп отырған шығар" деп мәлімдейді. Яғни, бұдан нені байқауға болады? Мұндай ақпаратты бұған дейін ешкім ешқайда жарияламаған, демек подкаст авторларының Ресейге қарсы жалған ақпаратты қайдан алғаны белгісіз.

Ал шынтуайтына келсек, осы аптада Бразилияда британдық AstraZenecа компаниясының вакцинасын салдырған еріктілердің бірі қайтыс болды. Бірақ оны әлемдік агенттіктер хабарлады. Сондықтан, бұл фактіні "орыстың жалған ақпаратына" жатқызу қиын.

Жалпы, бірде-бір материалда Ресей мемлекетінің, Ресейдің ресми немесе ресми емес тұлғаларының британдық вакцина қарсы кампанияға қатысқандығы туралы дәлел-дәйек жоқ. Алайда британдық вакцинаға қатысты антиресейлік жалған ақпараттардың шығуының және әлемге кеңінен таралуының басы-қасында The Times басылымы тұрғаны анық. 

Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін
Бұл басылым үш қарапайым ақпараттық ресурста - екі британдық және бір брюссельдік ресурста осыған ұқсас материлдар жарияланғанына оқырмандарын сендіргісі келеді. Рас, сіз EUReporter веб-сайтынан осы тақырыпқа ұқсас (тек басқаша) келетін бір ғана суретті таба аласыз. Алайда, мұндай коллаждардың негізгі таратушысы бәрібір де The Times болып отырғаны жасырын емес. Тіпті егер де біреу британдық вакцинаның беделін түсіргісі келсе де, бұл жалған ақпартты белгілі басылымға жіберу арқылы ең тиімді әрі арзан әдісті ойлап тапқан. Оны "ресейлік жалған ақпаратттың дәлелі" ретінде ұсынған. Бұлай болған күннің өзінде де The Times британдық вакцинаға қатысты жалған ақпарат таратудың басты құралына айналып отыр.

Қазір біз осы оқиғаға Ресейдің бір азаматының қатысқаны туралы ешқандай дәлел болмаса да, Лондон тарапынан ашулы ресми реакцияны байқап отырмыз. Себебі Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб бұған дейін Мәскеуді Оксфорд вакцинасының беделін түсірді деп айыптады. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, санкцияның ауылы алыс емес. The Times газетінің өзі бұл оқиғаға Кремльдің араласуы екіталай деп мәлімдеген күннің өзінде де оның маңызы болмай қалады. Себебі, британдық министрлер тақырыпты ғана көріп, одан әрі не жазылғанын оқымауы да мүмкін.

Осы жерде "бұл Ресейге не үшін қажет?" деген заңды сауал туындайды. Бұл сұраққа газеттің редакциялық бағанында: "барлық вакциналарға деген әлемдік сенім жоғалды" деп жауап береді. Бірақ Ресей үшін вакцинацияға деген сенімді төмендету тиімді емес. 

Ресейдің Ұлыбританиядағы елшілігі "Ресей мемлекеті британдық вакцинаның беделін түсіру үшін кез-келген қарсы үгіт-насихатқа баруы мүмкін" деген ақпаратқа қатысты "бұл жалған ақпараттың көрінісі" деп түсініктеме берді. Алайда бірде-бір әлеуметтік желі британдық баспасөздің бұл "сенсациясын" бұғаттамай отыр, аталған ақпарат қосымша тексерілуі қажет дегенді де ауызға алғысы келмейді. Олардың пайымынша, егер әңгіме ресейліктер туралы болса, онда ақылға сыймайтын кез келген жалған ақпаратты тексермей-ақ жариялай беруге болады.

Осындайда тағы бір логикалық сауал туындайды мұның бәрі британдық бұқаралық ақпарат құралдарына не үшін қажет болып отыр? Шындығында, бұған жауап мақаланың басында берілген. Кем дегенде екі күн бойы қоғам Ұлыбританияда қалыптасқан күрделі жағдайды талқылаудан алшақтауы қажет, бұған сөзсіз, Ресей туралы жалған ақпараттар көмекке келуі тиіс.