НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 186 адамға коронавирустық инфекция белгісі бар пневмония диагнозы қойылып, 1 адам қайтыс болды.
Ведомствоаралық комиссия дерегінше, дертке шалдыққан 27 науқас сауығып шыққан.
Ал коронавируспен ауырған 5 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 2 782 адам коронавирустық инфекциядан емделуді жалғастырып жатыр. Олардың арасында 211 бала бар.
Оқи отырыңыз: Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
Ауруханаларда 2 205 науқас ем қабылдап жатса, амбулаториялық деңгейде емделіп жүргендер саны 577. 101 адамның жағдайы ауыр және 10-ы өте ауыр жағдайда. 13 науқас жасанды тыныс алу аппартына қосылған.