Оқиға

Камерадан да қымсынбады: мешіт тонаған ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды

Полицейлердің мәлімдеуінше, 25 жастағы тұтқындалған жігіттің 40-тан астам ұрлыққа қатысы болуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының полицейлері мешіттегі қайырымдылық жәшігін тал түсте тонаған сәті видеоға түсіп қалған жас жігітті ұстады.

Бұл туралы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы өзінің Facebook парақшасында арнайы жазба жариялады. 

 
"Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше мешітте ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны қайырымдылық жәшіктерін бұзып, ішіндегі барлық ақшаны алып кеткен", – деп жазды Данияр Мейірхан.

Полицейлердің мәлімдеуінше, бұл күдіктінің бірінші ұрлығы емес көрінеді. Оның осыған ұқсас Шымкентте 20, Түркістанда 7, Ордабасы ауданы мен Алматы қаласында үш-үштен және Таразда 10 қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында Паралимпиада чемпионын тонаған ер адам ұсталды

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденген жағдайда күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.