НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. "Ленинградтық еріктілер" патриоттық тәрбие беру ағартушылық орталығының автономды коммерциялық емес ұйымы Клёст аралында қазақстандық солдаттардың сүйегiн тапты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Atamnyn Amanaty хабарлады.
"2020 жылдың мамыр айында Фин шығанағындағы Клёст аралында қазақстандық солдаттардың сүйегi табылды. Олар "Қысқы соғыста" финдерге қарсы соғысқан", - дейді мамандар.
Ресми мәліметке сәйкес, ол жерде 324 жауынгердiң сүйегi жатыр. Солардың бесеуi - қазақстандық. 24 қазанда батырларды мəңгi есте сақтау мақсатында арнайы мемориал орнатылады.
Еріктілер "Қысқы соғысқа" қатысқан және осы күнге дейiн iз-түзсiз жоғалғандардың қатарында болған қазақстандық жауынгерлердiң туыстарын iздеуге кірісті. Осыған орай табылған солдаттардың аты-жөні жарияланды:
- Жамантаев Нығымет. Туған жылы: 1918 ж. Қаза болған датасы: 11.03.1940. Туған жері: ҚазКСР, Гурьев облысы, Новобогатинский ауданы, Райнареуд кенті. Әскери бөлімше: 181 атқыштар полкы, 43 атқыштар дивизиясы, атқыш.
- Мұхамбетов Базарбай. Туған жылы: 1917 ж. Қаза болған датасы: 11.03.1940. Туған жері: ҚазКСР, Гурьев облысы, Мақат ауданы, Доссор. Әскери бөлімше: 181 атқыштар полкы, 43 атқыштар дивизиясы, пулеметші.
- Садуов Бекен. Туған жылы: 1917 ж. Қаза болған датасы: 11.03.1940. Туған жері: ҚазКСР, Ақмола облысы, Энбекшілдер ауданы, Юшмина колхозы. Әскери бөлімше: 181 атқыштар полкы, 43 атқыштар дивизиясы, атқыш.
- Серікбаев Курбекс Селхарович. Туған жылы: 1917 ж. Қаза болған датасы: 12.03.1940. Туған жері: ҚазКСР, Гурьев облысы. Әскери бөлімше: 181 атқыштар полкы, 43 атқыштар дивизиясы, атқыш.
- Тұралиев Хасбай Дүйсенғалиұлы. Туған жылы: 1918 ж. Қаза болған датасы: 12.03.1940. Туған жері: ҚазКСР, Гурьев облысы, Промсольбаксунский ауылдық кеңесі. Әскери бөлімше: 181 атқыштар полкы, 43 атқыштар дивизиясы, атқыш.
Айта кетейік, "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бiрлестiгiнiң байланыс телефондары: +7 776 828 45 34, +7 776 828 45 35.