Қоғам

Қазақстанда адамның қайтыс болғаны туралы анықтама онлайн беріле бастады

Анықтама толтыру кезінде деректер дұрыс енгізілмеген жағдайда, қызметке қайта тапсырыс беруге болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Бұдан былай жақындарынан айырылған қазақстандықтар қайтыс болғаны туралы анықтаманы eGov.kz порталынан онлайн режимде ала алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мамандары мұндай анықтама марқұмды жерлеуге арналған біржолғы төлем мен қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу үшін және мұраны ресімдеуде қажет екенін айтады.

"eGov.kz порталындағы бұл қызмет "Отбасы" бөліміндегі "Отбасы жағдайы" бөлімшесінде қолжетімді. Сол жерде "Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама" қызметін таңдаған соң тапсырыс беріп, ЭЦҚ-мен қол қою керек", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, пайдаланушылар аталған қызметке қатысты ақпаратпен порталдағы жеке кабинетте толығырақ таныса алады.

Оқи отырыңыз: Көлік нөмірі мен төлқұжатын алуға қатысты жаңашылдық жарияланды

Сондай-ақ, анықтаманы толтыру кезінде деректер дұрыс енгізілмеген жағдайда, қызметке қайта тапсырыс беруге болады.