Қоғам

Қазақстанда бір аптада коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Індет салдарынан көз жұмғандардың ең көбі Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан және Атырау облысында тіркелді
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда бір аптада коронавирус инфекциясынан 28 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"12–18 қазан аралығында коронавирус инфекциясынан 28 адам көз жұмды. Оның ішінде 13 науқас Шығыс Қазақстан облысында қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Қарағанды облысының әрқайсысында бір адамнан қайтыс болды. Ал Алматы қаласында төрт науқас, Атырау облысында екі науқас, Батыс Қазақстан облысында үш адам індет салдарынан көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Ауырған атасын өлдіге санаған: Ресейде COVID-19 диагнозымен "тірі адам" жерленді

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталған уақыттан бері республика бойынша індет жұқтырған адамдар саны 109 623-ке жетті, 1 799 адам қайтыс болды.