Өңірлер

Құс тұмауы Шығыс Қазақстанға жетті

Қауіпті дерттің таралуына жол бермеу үшін вакцинация жүргізілді. Мұның арқасында құстың қырылуына жол берілмеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ауылдық округтердің бірінде құс тұмауы анықталды. Ветеринарлық ақпаратына сәйкес, аурудың таралуына жол берілген жоқ.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, деп хабарлады YK-news.kz.

"Бесқарағай ауданында құс тұмауы анықталды. Ауылдық округ бірден карантинге жабылды. Қазір бәрі тоқтатылды, вакцинация жасалды, жағдай тұрақты. Құс қырылып жатқан жоқ", - деді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасында. 

Мамандар жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауының таралуы бір ай ішінде тоқтайтынын хабарлаған болатын.

"Бізде құс фабрикалары жабық типті. Мәселен, бір фабрика жетекшісі мен жұмысшылары кәсіпорында тұрады. Оларға азық-түлік терезе арқылы жеткізіледі. Тұмаудың таралуына жол бермеу үшін осындай қатаң шара қолданылды", - деді Шәріпов. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі жеті облыста құс тұмауы расталғанын айтты.