АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Хабарды достары мен әріптестері әлеуметтік желі арқылы жеткізді.
Өзінің Instagram парақшасында дизайнердің өлімі туралы шымкенттік рэп-орындаушы Hiro жазды.
"Бұл Нұрсұлтанның көзі. Бізбен бірге Сәбит @b1sen жоқ, бірақ оның логотипі әр жерде! Бұл символды көрмедім демеңіз. Ол жейде, көше, барлық жерде! Біз көшеге сенің атыңды береміз! Ескерткіш орнатамыз!" – деп жазды ол.
Ол желіге жүктеген stories-те дизайнер адам қолынан мерт болғанын жазды.
"Бисен енді біздің жанымызда емес. Досымды тепкілеп өлтірді. Сау жері қалмады! Аяқкиімінен таныды", - деп жазды Hiro.
Қазақстандық рэп-орындаушы Азамат Маркленов те желіде жазба қалдырды.
"Кешірші бізді, күндердің бір күнінде міндетті түрде бірге жұмыс істейміз, бауырым. Сен әрдайым біздің жүрегіміздесің", - деп жазды ол Instagram парақшасында.