Қоғам

Нұр-Сұлтан тұрғындары жаппай диктант жазды – фото

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында елордалықтар диктант жазды, оны белгілі тележүргізуші, продюсер және кәсіпкер Динара Сәтжан оқыды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Жаппай диктант" жыл сайынғы акциясы өтті.

Акцияға қатысушылардың бір бөлігі диктантты Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында жазды.

Нұр-Сұлтан тұрғындары жаппай диктант жазды – фото

"Жаппай диктант" елордада үшінші рет өтіп отыр. Оқиға "Байқоңыр" ғарыш айлағының 65-жылдығына орайластырылған.

"Жаппай диктант – 2020" авторы – ресейлік жазушы, "Ұлттық бестселлер" әдеби сыйлығының лауреаты Андрей Геласимов.

Нұр-Сұлтан тұрғындары жаппай диктант жазды – фото

Ал диктантты белгілі тележүргізуші, продюсер және кәсіпкер Динара Сәтжан оқыды.

"Мен үшін бұл өте жауапты іс. Егер дұрыс оқымай, қателесіп кетсем, акцияға қатысушыларға қайта жазуға тура келетінін жақсы түсіндім. Жалпы, диктант оқу көңілімнен шықты, өзімді мұғалімдей сезіндім. Әрі бұл оңай емес екенін ұқтым", - деп бөлісті өз әсерімен Динара Сәтжан.

Тележүргізуші мұндай акцияларды қолдайтынын және келесі жолы өзі диктант жазғысы келетінін атап өтті.

Нұр-Сұлтан тұрғындары жаппай диктант жазды – фото

Іс-шара кезінде барлық санитарлық-гигиеналық талап сақталды, дейді баспасөз орталығының продюсері Айжан Нұрғазинова.

"COVID-19 пандемиясы "Жаппай диктант" халықаралық акциясын өткізу процесіне өзгерістер енгізді. Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында барлық қауіпсіздік шарасы ескерілді: қатысушылардың арасында арақашықтық сақталды, маскалар таратылды", - деді Нұрғазинова.

Нұр-Сұлтан тұрғындары жаппай диктант жазды – фото

Жаппай диктант – жыл сайын өтетін акция. Мақсаты – әр адам үшін сауатты болу маңызды екенін көрсету. 2020 жылы диктантты 4 сәуірде өткізу жоспарланған еді. Бірақ коронавирусқа байланысты оны күзге қалдырды.

Нұр-Сұлтан тұрғындары жаппай диктант жазды – фото

Нұр-Сұлтанда акция бірнеше жерде өтті: республикалық физика-математика мектебі, Sputnik Қазақстан баспасөз орталығы, ресейлік ғылым және мәдениет орталығы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы, № 30 мектеп-гимназия.

Sputnik Қазақстан – Қазақстанда өткен жаппай диктанттың ақпараттық серіктесі.