НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте республикада коронавирус пен COVID-19 белгісі бар пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Пневмония туралы мәліметтер
Өткен тәулікте пневмонияның 158 жағдайы тіркеліп, төрт науқас ауру салдарынан қайтыс болды.
Жалпы, 1 тамыздан бері елімізде 35 717 жағдай тіркелсе, 28 165 науқас сауығып шығып, 380 адам қайтыс болды.
Коронавирус туралы мәліметтер
Қазақстанда соңғы бір тәулік ішінде 100 адам коронавирус індетін жұқтырып, 5 адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта 2 593 адам, оның ішінде 125 бала коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Ауруханаларда 1 995 науқас, амбулаториялық деңгейде 598 пациент ем қабылдауда. 80 адамның жағдайы ауыр, 13-і өте ауыр және 12 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: Иттер коронавирусты иіс арқылы анықтауға үйретілуде – фото
Айта кетейік, республика бойынша індет жұқтырған адамдардың саны 109 302-ге жетті. Оның ішінде 104 921 науқас айығып шығып, 1 768 адам қайтыс болды.