Өңірлер

Үйдің кіреберісінде оқушы қызға шабуыл жасалды – видео 

Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қыз ата-анасына тапсырылды. Полиция сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғанын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Ақсу қаласында тұрғын үйдің кіреберісінде оқушы қызға шабуыл жасалды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап. 

Видеода кіреберісте қыздың біреуден қашып келе жатқанын көруге болады. Бірақ соңынан қуып келе жатқан адам бірінші қабатта жетіп алады. Дене пішімі ірілеу келген қыз оны жерге жығып, ұялы телефонын алып қойды. Ал жәбірленуші бірден жоғары қарай көтеріліп кетеді. Екеуі кіреберіске кіргенде далада темір есікке тағы бір адамның жақындағаны көрінеді. 

Ресми мәліметке сәйкес, жәбір көрген қыз 12 жаста, оның артынан кірген қыз да мектепте оқиды. Жасы – 15-те. 

"Ол өзінен кіші қыздың OPPO F5 телефонын тартып алды да, қашып кетті. Ал жәбірленуші үйіне көтеріліп, полицияға хабар берген. Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қыз кепілдік хатпен ата-анасына тапсырылды. Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - дейді полицейлер. 

Айта кетейік, тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру әрекеттері үшін жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнбесе, 3-7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Сотталғанның мүлкі тәркіленеді.