Әлем

Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды

Премьер-министр қызметіне кіріскен Садыр Жапаров парламент спикері президент міндетін атқарудан бас тартқанын мәлімдеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев президент міндетін атқарудан бас тартты, деп мәлімдеді Ескі алаңда митингіге шыққандармен кездескен премьер-министр Садыр Жапаров.

"Президент өкілеттілігі маған тапсырылды", - деді үкімет басшысы. 

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті болған Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Президент отставкаға кеткенде Қырғызстан президенті міндетін Жогорку Кенеш спикері атқаратынын жазған болатынбыз.