Қоғам

Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі

Холдинг өкілдерінің айтуынша, мұндай ауқымды іс-шаралар компанияның негізгі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазіргі кезде үшінші жылу электр орталығын қайта құру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу жүзеге асырылуда. Ал газға ауыстыру шығыны кімнің есебінен жүзеге асырылатыны әзірге белгісіз.

"2019 жылы ЖЭО-3-ті көмірден газға көшіру мүмкіндігін алдын-ала есептеу мен талдау жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар станцияны Алматы қаласының газ желісіне қосудың техникалық шарттарын қарастыруды қамтыды", – делінген компания хабарламасында.

Осы күндері компанияның инвестициялық-инновациялық кеңесі мен басқармасына алдын ала зерттеу материалдары жіберілді. Жобаның бюджеттен немесе "Самұрық-Энерго" қорынан қаржыландырылатындығы туралы мәселе талқылануда.

Компания мәліметінше, Алматы ЖЭО-1 газ отынына 2017 жылы көшкен. 2020 жылы қоршаған ортаға әсерді минимизациялау жобасы аясында Алматы ЖЭО-2-ні модернизациялау және газға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

"Бұл ауқымды іс-шаралардың барлығы компанияның негізгі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді. Яғни, тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етіп, тиімді технологияларды енгізу арқылы қоршаған ортаға кері әсері азаяды", – дейді холдинг өкілдері.

Оқи отырыңыз: "Өліп жатсаң да келмейді": Алматы облысында ауыл тұрғындары митингіге шықты

Айта кетейік, ЖЭО-3 – бұл қаладағы "Самұрық-Энерго" АҚ Алматы энергетикалық кешені компанияларының "АлЭС" АҚ құрылымына кіретін үш жылу орталығының бірі болып табылады.

ЖЭО-3 1962 жылы пайдалануға берілген. Ол Өтеген батыр ауылының индустриалды аймағында орналасқан. Аталған елді мекен мен оған жақын орналасқан бірқатар өндірістік кәсіпорынды электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда ЖЭО-3-тің тиімділігі жеткіліксіз.

Құрылыс аяқталғаннан кейін станцияның экологиялық компонентінен басқа парктік ресурсы да едәуір артып, оның маневрлік қабілеті артады деп болжанып отыр.