Оқиға

Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды

Полицияның хабарлауынша, әйел бір жылдан астам уақыт бұрын көз жұмған, жасы - шамамен 20-30 жаста
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Шымкентте кәріз құдығынан әйелдің мәйіті табылды. Полиция оның кім екенін анықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің мәйіті 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде Еңбекші ауданынан табылған.

"Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйел бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған. Мәйіттің сүйек қанқаларында жарақат анықталмады. Жедел шаралар мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталып отыр", - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша ("адам өлтіру") тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесі алдымен көрпеге салынып, содан кейін скотчпен оралған. Марқұм шамамен 20-30 жаста болған.