Қоғам

Ресей сыртқы істер министрі: Қазақстанда орыс тілді азаматтар мүддесі ескеріледі

Президенттер деңгейінде болсын, министрлер деңгейінде болсын, түсініктіктің бар екенін байқалады, деді Лавров
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қазақстанда этникалық құрамына қарай жікке бөліну қаупі жоқ. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. 

"Қазақстанға келетін болсақ, өз басым ол жерде этникалық құрамына қарай жікке бөліну қаупін көріп тұрған жоқпын. Меніңше, Қазақстан билігі ұлтаралық келісімді нығайту мен елдің мықты аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігін жақсы түсінеді. Осы орайда орыс тілді азаматтардың мүддесін, соның ішінде орыс тілін оқыту, орыс тілді кеңістікті қолдау, ата-аналарға өз балаларын орыс тілді мектептерге беруге жағдай жасау және тағы басқа мәселелерді атап өтуге болады", - деді Лавров Sputnik радиосына берген сұқбатында. 

Оның айтуынша, мұның барлығы ТМД аясында, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты құжаттарды рәсімдеу кезіндегі келісімдердің бір парасы болған. 

"Әлбетте, бұл жерде орыстар Қазақстанда аймақты, мемлекетті басқаруға атсалысып жатқанын сезінетіндей жағдай жасау маңызды. Қазақстан президенті де, Қазақстанның тұңғыш президенті де мұны жақсы түсінеді. Негізі, президенттер деңгейінде болсын, министрлер деңгейінде болсын, біз ылғи түсініктіктің бар екенін байқап отырамыз", - деп атап көрсетті Лавров.

Қоғам