Қоғам

Қазақстан тағы төрт елмен әуе рейстерін қысқартады

6 қазаннан бастап шетелдіктерге Қазақстанға коронавируспен ауырмайтыны туралы анықтамасыз кіруге тыйым салынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Коронавирус індетінің қайтадан таралуына жол бермес үшін Қазақстан төрт елмен әуе рейстерін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жақын арада бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Олар: Украина, Германия, Беларусь және БАӘ", – деді Қиясов онлайн баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін үкімет Түркиямен арадағы рейстер саны қысқаратынын хабарлаған еді.

6 қазаннан бастап шетелдіктерге Қазақстанға коронавируспен ауырмайтыны туралы анықтамасыз кіруге тыйым салынды. ПТР-тестің мерзімі 72 сағаттан асып кетпеуі тиіс. Анықтамасы жоқ немесе мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер елден депортацияланады.

Оқи отырыңыз: Air Astana Түркияға әуе рейстерінің санын қысқартып жатыр

Ал ПТР-анықтамасы жоқ қазақстандықтар әуежайдан шыға сала бірден карантиндік стационарға орналастырылады. Ол жерде азаматтардан коронавирусқа анализ алынады.