Өңірлер

ҰҚК Алматыда қылмыстық топ ұсталғанын хабарлады

Ресми мәліметке сәйкес, жедел-іздестіру кезінде қала аумағында он бірдей мекемеде жасырын онлайн-казиноның ашылғаны анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Алматы қаласында жасырын электрондық казиноналарда заңсыз ойын бизнесін ашқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, жедел-іздестіру кезінде қала аумағында он бірдей мекемеде жасырын онлайн-казиноның ашылғаны анықталды. 

"2020 жылы 6 қазанда жедел-тергеу тобы бір ғана жасырын мекемеден 50 бірліктен астам ойын жабдығын тапты, қылмыстық әрекеттен түскен кірістің сомасы тәулігіне 20 миллион теңгеден асқан", - делінген ресми хабарламада. 

Қылмыстық топ құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу үшін 50 адамды қызмет көрсету персоналы ретінде жұмысқа тартқан. Қазіргі кезде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігі  ("заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, бұл бапта көрсетілген қылмыс үшін 5 000 АЕК-ке (1 АЕК - 2778 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Сондай-ақ, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Сотталғандардың мүлкі тәркіленеді.