НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Virology Journal басылымында сан алуан заттардың бетіне қонған коронавирустық инфекцияның қанша уақыт сақталатынына арналған зерттеу жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.
Австралиядағы аурулармен күрес жөніндегі орталықтың сарапшылары өткізген зерттеуге сәйкес, коронавирустық инфекция бөлме температурасында 28 күнге дейін сақталады.
Мамандар беті тегіс заттардың әлдеқайда қауіпті екенін де анықтады. Соның ішінде шыны (ұялы телефондардың экраны), қағаз және полимерлік банкноттар, сондай-ақ, тот баспайтын болат бар.
"Дәл осы заттардың бетінде коронавирус 20 градустан жоғары температурада, шамамен, бір айдай сақталады. Одан кейін плюс 30 градуста – үш апта, ал плюс 40 градус болған жағдайда ғана SARS-CoV-2 бірнеше тәулікке дейін жойылмайды", – делінген зерттеу жұмысында.
Ғалымдардың айтуынша, коронавирусты жұқтыру жағынан смартфондардың экраны да өте қаупті. Себебі адамдар қолына дезинфекция жиі жасаса да, телефонның шынысын көп жағдайда зарарсыздандырмай жүре береді.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус жұқтырудан қорғанудың жолын тапты
Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 37 миллионнан асты. Соңғы бір тәуліктің ішінде тағы 347 мың науқас анықталды.
Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 108 831 науқасқа жетті. Олардың басым бөлігі жазылып шыққан.