Фото

Иттер коронавирусты иіс арқылы анықтауға үйретілуде – фото

Sputnik

Вирусты анықтауға Иран, Ұлыбритания, Финляндия және БАӘ сынды әртүрлі мемлекеттердің төртаяқты "детекторлары" қатыстырылып келеді.

Мысалы, Тегеранда мұндай эксперимент мамыр айында, пандемияның бірінші толқыны өршіп тұрған кезде жүргізілді. Бір қызығы, сол кезде иттер 65%-ке дейін тиімді нәтиже көрсеткен.

Кинологтардың айтуынша, иттердің мүмкіндіктері температураны қашықтан өлшеу және зертханалық зерттеулер өткізу сияқты коронавирусты анықтайтын дәстүрлі әдістерден көп жағдайда асып түседі. Бұл, әсіресе, әуежайларда өте маңызды.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Сарапшылардың пікірінше, иттер инфекцияның айқын белгілері байқалған науқастарды анықтап қана қоймайды. Төртаяқты жануарлар вирустың белгісіз тасымалдаушыларын да бірден сезіп қоятын "қасиетке" ие.

Вирус жұқтырып, жазылып шыққан адамға бірден "реакция" танытатын стандартты ПТР тестінен айырмашылығы, үйретілген ит мұндай науқастың арнайы шеңберден өтіп кетуіне жол бермейді.

Sputnik Қазақстан шалайка (шакал және лайканың буданы) тұқымдас иттердің коронавирусты анықтауға үйретіліп жатқан сәтінен түсірілген суреттерді назарға ұсынады.

1 / 11
Кинолог Шереметьеводағы "Аэрофлот" әуе компаниясы кинологиялық бөлімшесінің шалайка тұқымдас қызметтік иттердің бірімен. Кинологтар иттерді адамдардан коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында үйрете бастады. Ғалымдар биологиялық үлгілердің иісін мүмкіндігінше сақтау, материалдың өзін қауіпсіз ету үшін радиологиялық әдіспен науқастардан алынған коронавирусты инактивациялау параметрлерін жасады. Енді осы үлгілерде қызметтік иттерді жаттықтыруда.
2 / 11
Шалайка тұқымдас иттер Шереметьево әуежайындағы кинологиялық қызмет аумағындағы кең қоршауда тұрады. Әуе компаниясы мен әуежайдың қызметкерлері сүйкімді жануарларды көруге келуде.
3 / 11
Төртаяқты жануарлар кинологтармен бірге "құлшына" жұмыс істеуде. Оқу мерзімі өте қысқа – небәрі екі ай. Содан кейін оларды маңызды әрі жауапты жұмыс күтіп тұр.
4 / 11
Кинолог-оқытушылар иттермен бетперде киіп жұмыс істейді.
5 / 11
Төртаяқты жануарларға арналған сабақтар мен жаттығулар күрделі, себебі олардың алдында адамның коронавирусты жұқтырған, жұқтырмағанын иіспен анықтау міндеті тұр.
6 / 11
Кең қоршауда тұрған сүйкімді иттер "Аэрофлот" бортсеріктері алдында өз "қабілеттерін" көрсетуде.
7 / 11
Жауапкершілікке толы жұмысты атқару үшін әуежай күзетінің болашақ төртаяқты "қызметкерлерінің" физикалық дайындығы жақсы болуы керек.
8 / 11
Төраяқты COVID детекторларына арналған жаттығулар таза ауада да, үй-жайлардың ішінде де өтеді.
9 / 11
Жаттығулар иттердің ептілігі мен төзімділігін дамытуға арналған.
10 / 11
Шереметьево кинологиялық орталығы "тәрбиеленушілерінің" бірі кинологпен өтетін алдағы сабақтар мен жаттығуларға дайын.
11 / 11
Шереметьево кинологиялық орталығының кинологы болашақ "тірі детектордың" жетістігін бағалап тұр.