Қоғам

COVID-19 Павлодардағы кезекші сынып мұғалімінен анықталды

Қазіргі кезде екі сыныптың оқушылары мен науқаспен байланыста болған әріптестері үй карантиніне ауыстырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Павлодар облысында бастауыш сынып мұғалімі коронавирус инфекциясын жұқтырды. 58 жастағы әйелде аурудың асимптоматикалық белгісі бар, деп хабарлайды жергілікті Pavlodarnews.kz сайты.

Ал Павлодар облысындағы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлімдеуінше, әйел амбулаториялық жағдайда, үйде ем қабылдап жатыр.

"Қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты. Ол COVID-19 ауруымен ауырған анасымен байланыста болған", – делінген ақпаратта.

Екі сынып пен онымен тығыз байланыста болған әріптестер үй карантиніне ауыстырылды. Ал бастауыш сынып мұғалімі жұмыс істеген мектеп карантинге жабылмай, қызметін қалыпты жағдайда жалғастыра береді.

Оқи отырыңыз: Премьер-министр мектептерді дәстүрлі форматқа ауыстыру туралы айтты

Айта кетейік, бүгінге дейін облыста 12 оқушының коронавирус жұқтырған жағдайы тіркелді. Оның бесеуі Шарбақты ауданында, біреуі Ақсуда, қалғаны облыс орталығында.

Мобильді топтар олқылықтар анықталған 110 мектепке тексеру жүргізген.