Өңірлер

Ақтөбеде қылмыстық топ құрықталды – видео

Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен 3,5 миллиард теңгенің салықтары мен төлемдері қазынаға түспей қалған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Ақтөбе қаласында бюджетке қыруар шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, "СТОП-Обнал" жедел профилактикалық шара аясында ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактуралар жазып келген қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. 

"Осы іске қатысты қала тұрғыны өзінің достары мен туыстарына 15 кәсіпорынды тіркеп, құжат жүзінде басқа серіктестіктерге тауар жеткізігендей және қызмет ұсынғандай етіп көрсеткен. Алайда, шын мәнінде, ешқандай жұмыс та, қызмет те жасалмаған. Осылайша, ірі сомаға шот-фактуралар жазылған", – дейді тергеушілер.

Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен бюджетке қыруар шығын келген. Атап айтқанда, 3,5 миллиард теңгенің салықтары мен төлемдері қазынаға түспей қалған.

"Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 216-бабы – "іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау" бойынша жүргізілді. Іс сотқа жолданды", – деп атап өтті мамандар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қаржы пирамидасына қатысы бар қанша қылмыстық топ анықталды