Оқиға

Алматыда BMW бетон қабырғаға соғылды – көліктің сау-тамтығы қалмаған

Жүргізушінің айтуынша, белгісіз шетелдік көлік оның жолын кес-кестеген. Зардап шегушілер көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Алматыда жол апаты салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы жарақат алды. Көптеген жарақат алған адамдар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер.

Жол апаты Алатау ауданының Ұлжан шағын ауданында болды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, BMW автокөлігі Жалайыр көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.

Темір тесіп өткен: Алматы облысында 24 жастағы қыз жол апатына ұшырады

Жүргізушінің айтуынша, белгісіз шетелдік көлік оның жолын кес-кестеген.

Жүргізуші соқтығысып қалмау үшін рөлді бұрып жіберген. Салдарынан  бетон қабырға мен темір бағанға соғылған.  

Төрт адам жарақат алды, олар көптеген жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері келді.