НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 94 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 15,
- Алматы қаласы – 9,
- Шымкент қаласы – 4,
- Ақмола облысы – 4,
- Ақтөбе облысы – 3,
- Атырау облысы – 5,
- Шығыс Қазақстан облысы – 17,
- Жамбыл облысы – 4,
- Батыс Қазақстан облысы – 2,
- Қарағанды облысы – 4,
- Қостанай облысы – 4,
- Маңғыстау облысы – 2,
- Павлодар облысы – 8,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 13.
Республика бойынша ауырғандардың жалпы саны – 108 757.
Өткен тәулікте Қазақстанда 70 адам коронавирус инфекциясынан айыққан. Пандемия басталғалы бері жазылып шыққандардың жалпы саны 103 980 адамға жетті.