Спорт

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

Бұл қазақ спортшысының кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі. Бұл жолы аргентиналық "Сиқыршымен" кездескен болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық қарсыласын екінші раундта жойқын нокаутпен жеңді.

Бұл қазақ спортшысының (8-0, 4 КО) кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі, төртінші рет титул үшін жұдырықтасып отыр, деп хабарлайды Sports.kz. 

Ол Лас-Вегастағы бокс кешінде "Сиқыршы" деген лақап атпен өнер көрсететін аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) кездесті. Әлімханұлының екі чемпиондық белбеуі ортаға салынды. Ол WBC және WBO чемпионы атағын сақтап, жеңіске жетті. 27 жастағы қазақстандық боксшы әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта сұлатты.