НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экс-президенттің оққағары Қанат Сағымбаев пен Дамир Мусакеев те тұтқындалған.
"Алмазбек Атамбаев Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталды", – деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет.
Әлеуметтік желілерде Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаева мен олардың ұлы Қадыр мен Сейидтің де ұсталған суреттері пайда болды.
Бұған дейін қауіпсіздік күштері Қой-Таштағы Алмазбек Атамбаевтың үйіне келгені хабарланған болатын.
Атамбаевты босату және үйқамаққа алу
6 қазанға қараған түні Бішкекте наразылық білдірушілер тергеу изоляторында болған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты ҰҚК ғимаратынан босатты. Сондай-ақ, бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер изолятор мен колониялардан бостандыққа шығарылды.
Бұрынғы президенттің адвокаты өзінің Facebook парақшасында Алмазбек Атамбаев Бішкектегі Бірінші май аудандық сотының қаулысымен босатылғанын жазды. Құжатта Атамбаевтың 2020 жылдың 11 қарашасына дейін үй қамауында болатындығы айтылған.
Оқи отырыңыз: "Қызметтен кетуге дайынмын": Қырғызстан президенті өз шарттарын атады
9 қазанда экс-президент Бішкектегі митингіде сөз сөйлеп, оған билік қажет емес деп мәлімдеді.