Әлем

Баку мен Ереван бітімге келу туралы келісті

Қарабақ қақтығысының тараптары сенбі, 10 қазан 12:00-ден бастап оқ атуды тоқтатады. Келіссөздер 10 сағатқа созылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан - Sputnik. Армения мен Әзербайжанның әскерилері сенбі күні оқ атуды тоқтату туралы келісті, деп хабарлайды РИА Новости.

Бітім 10 қазан күні 12-де басталады. Келісім туралы мәлімдемені Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлады.

Келіссөздер 10 сағатқа созылған. Оның қорытындысы бойынша үшжақты құжатқа қол қойылды.

"Ресей президенті Путин, Әзербайжан президенті Әлиев, Арменияның премьер-министрі Пашинян уағдаластығына сәйкес, оқ ату 10 қазан 12:00-ден бастап тоқтатылады. Әскери тұтқындар және өзге тұлғалармен алмасу жүзеге асады. Қаза болғандардың денелері беріледі. Халықаралық Қызыл Крест комитеті қолдау көрсетеді", - деді Лавров.

БҰҰ ақпаратына сәйкес, 27 қыркүйек- 8 қазан аралығында Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуы салдарынан 53 тұрғын қаза болды. Арасында балалар да бар.