Әлем

Кореяда отыз үш қабатты ғимарат отқа оранды - видео

Зәулім ғимаратта жұмаға қараған түні өрт шыққаны хабарланып отыр. Алдымен ғимараттың төменгі қабаты отқа оранды, кейін өрт жоғарыға көтерілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан - Sputnik. Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында отыз үш қабатты тұрғын үй отқа оранды.

Ресми мәліметке сәйкес, өрт жұмаға қараған түні басталған. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау 8-ші және 12-қабаттардың арасында шыққан. Одан кейін қатты желмен таралып кетті, деп хабарлады Deutsche Welle.

Оңтүстік Кореяның ішкі істер министрлігі, кем дегенде, 88 адамның жеңіл жарақат алғанын мәлімдеді. 

Адам өлімі туралы мәлімет жоқ. Өрт кезінде жүздеген адам шатырға шығып кеткен.Оларды сол жерден эвакуациялады.