Оқиға

Үштөбеде тоңазытқыштан екі жасар баланың денесі табылды: анасы ұсталды

Баланың әкесімен ажырасып кеткен. Ол басқа елде тұрады. Күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды
Sputnik

АЛМАТЫ, 8 қазан – Sputnik. Полиция ұлын өлтіргенін мойындаған Үштөбе тұрғынын ұстады. Баланың денесі мұздатқыштан табылды.

Полицияға баланың тәтесі жүгінген. Оның айтуынша, баланы шілдеден бері көрмеген. Ал анасы сәбиді Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтқан, алайда үйіне кіргізбеген. Бұл жерде шикілік бар екенін сезген әйел баланың анасы үйде жоқ кезде терезеден кіріп, мұздатқыштан баланың денесін тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Содан кейін полиция күдіктіні іздеп, біраз уақыт өткен соң Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ұлын өлтіргенін мойындады.

Оның айтуынша, баланың әкесімен ажырасып кеткен. Ол басқа елде тұрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі ("жас баланы өлтіру"( бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Бұл бап бойынша белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады. 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру не мүлкін тәркілеп бас бостандығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылған.