Қоғам

Қамауға алынған Мұхтар Әблязов екі күннен кейін түрмеден шықты

Қазақстан Париж прокуратурасына шағым түсірген. Адвокат Жерар Чолакян Әблязовқа 7,5 миллиард долларды жымқырды деген айып тағылғанын жеткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов екі күн түрмеде отырып шықты. Қазіргі кезде оны Франция соты қадағалауға алды.

Әблязовтың адвокаты Жерар Чолакян AFP агенттігіне берген сұхбатында 7,5 миллиард долларды жымқыру бойынша айып тағылғанын жеткізді. Соның ішінде "кінәні ауырлататын мән-жайлар болған кезде сенімді теріс пайдалану" және "ақшаны жылыстату" әрекеттері бар. Оның айтуынша, сот өндірісі Қазақстан берген шағымның негізінде қозғалды.

"Париж прокуратурасына Қазақстаннан шағым түскен. Соны білместіктен назарға алып, тергеу судьясына жіберген тәрізді. Негізі жақында Франция Мұхтар Әблязовқа саяси баспана берген", - дейді Чолакян.

Мұхтар Әблязовтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында екі күн түрмеде отырып шыққанын растады. Оны дүйсенбі күні қамауға алған. Қазіргі кезде ол сот қадағалауына алынды.

Оқи отырыңыз: Әблязов 140 мың АҚШ долларын төлеуге міндеттелді 

Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстан үкіметі Парижде Мұхтар Әблязовтың үстінен шағым түсіріп, БТА банкінен 7,5 миллиард теңге жымқырғаны үшін жауапқа тартуды талап етті. Шағым француз заңнамасы бойынша берілді. Оған сәйкес, саяси себептерге байланысты экстрадицияға жатпайтын шетел азаматын Франциядан тыс жерде жасаған қылмыстары мен тәртіп бұзушылықтары үшін соттауға рұқсат бар.

2017 жылы Мұхтар Әблязов БТА банкінің ақшасын ұрлағаны үшін сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал 2018 жылы Жамбыл облыстық соты банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Әблязовты өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.