Қоғам

Денсаулық министрлігі індетті жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатқанын мәлімдеді

Азаматтар санитар дәрігердің талаптарын сақтамаса, қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін, деп атап өтті Қожахметов
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан - Sputnik. Егер қазақстандықтар санитарлық талаптарды сақтамаса, қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайта өсуде. Егер азаматтар санитар дәрігердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін", - деді Қожахметов онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Тоқаев шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды 

7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 108 362 адам коронавирус жұқтырған.

Соңғы тәулікте 66 адамда коронавирус диагнозы расталды. Яғни, 06 процентке өскен, деді ол. 

Қазір 3 145 пациент індеттен емделіп жатыр. Барлығы 103 465 адам жазылып шықты. 1752 науқас қайтыс болды.