НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Ресейдің Рязань облысындағы әскери арсеналда жарылыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Ірі өртті жоюға 190-ға тарта әскери қызметкер, төрт ұшақ, үш тікұшақ және басқа техникалар жұмылдырылды.
Зардап шеккендер – ер адам мен әйел Скопинский аймақаралық медициналық орталығына жатқызылды.
"45 жас шамасындағы әйел жан сақтау бөліміне түсті, ол бас сүйек-ми жарақатын алған. Ал 53 жастағы ер адам жарақат бөлімінде, оның жағдайы орташа ауыр", - деп хабарлады РИА Новостиге аумақтық апаттар медицинасы орталығының бөлім меңгерушісі Сергей Кузьминов.
Ол ер адамның миы шайқалғанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Соңғы 10 жылда Арыста қанша жойқын жарылыс болды – хронология
Бұған дейін өртенген шөптің жалыны оқ-дәрі сақталған алаңға шарпығаны белгілі болды. Куәгерлер жарылыс әр 5-10 минут сайын болғанын, аспанды қою түтін басқанын хабарлады.
Оқиға салдарынан Каспий федералды трассасы жабылды. Арсенал маңындағы елді мекендерден жергілікті тұрғындар көшіріліп жатыр.