НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп таныды. Бұл туралы ОСК мүшесі Гүлнәр Жорабаева хабарлады.
"Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады", - деп жазды ол Facebook-те.
Қырғызстандағы парламент сайлауы
4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. 16 партияның өкілдері жетінші рет шақырылған Жогорку кенештің депутаты мандатына таласты. Жалпы республикада 2430 сайлау учаскесі ашылды, тағы 45-і шетелде жұмыс істеді. 3,5 миллионнан астам сайлаушы тіркелді.
Төрт партия 7 проценттік межеден өтіп, Жогорку кенештен орын алды:
- "Биримдик" - 24,54% дауыс және парламенттегі 46 орын;
- "Мекеним Кыргызстан" - 23,92% дауыс және 45 орын;
- Кыргызстан – 8,75% дауыс және 16 орын;
- "Бутун Кыргызстан" - 7,1% дауыс және 13 орын.
Айқын көшбасшылар – "Биримдик" (Бірлік) және "Мекеним Кыргызстан" (Отаным Қырғызстан) партиялары.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында не болып жатыр – ресми түсініктеме