Әлем

Навальный Ресейге оралуы мүмкін бе?

Алексей Навальныйдың басынан өткен "Новичокқа" қатысты оқиғаның ыстық-суығы біртіндеп басылып келеді. Дәлірек айтсақ, оның бірінші бөлімі аяқталды
Sputnik

Пессимистердің "Берлин Навальный ісін шығыс майдандағы саясатты өзгерту үшін қолдануға мәжбүр болады" деген қорқынышы ақталмады. Яғни, бұл оқиға "Солтүстік ағын-2" жобасын тоқтатуға ықпал еткен жоқ. Егер солай болған жағдайда, бұл еуропалық саясаттың түбегейлі бетбұрысына алып келер ме еді, бәлкім?

Трамп Навальный төңірегіндегі мәселені жылы жауып қойды – саясаттанушы
Дегенмен, Навальныйдың айналасындағы шу әлі де күшейіп тұр. Ал Еуроодақ саммитіне қатысушылар "химиялық қаруды қолдануды" тағы да айыптап, Ресейді оқиғаны тергеуге шақырды. Екі аптадан кейін өтетін келесі саммитте Еуроодақтың "ашық шабуылға" қатысты жауабын талқылайтын мәселеге қайта оралуға уәде берді. Ал Навальныйдың өзі алғашқы сұхбатын немістің Spiegel журналына берді. Онда оппозиционер өзінің улануына Владимир Путинді тікелей айыптады.

Оның логикасы темірдей. Егер оны "Новичокпен" уласа, демек мұндай бұйрықты тек президент бере алады және бұл қорқынышты у тек Ресейдің арнайы қызметтерінде ғана бар. Навальныйдың улануы "Новичокқа" тіреліп тұрғаны анық. Бірақ Ресей оның өз жерінде қолданылғанын анықтаған жоқ. Ал Германия сараптама нәтижесінде у іздерінің табылғаны туралы таңғаларлық ақпарат таратады. Дегенмен, немістер ешқашан өз мәліметтерін орыстармен бөліскен емес, бірақ "Новичоктың" қолданылуына қарсы күрес жүргізуді талап етуін жалғастырып келеді. Қаннан "Новичок" табылды ма деген сауалды қою орынсыз болар еді. Әрине, болған. Енді тек кісі өлтірушіні тану және табу ғана қалды.

Дегенмен, Навальныйдың өзі тапсырыс берушіні тапса, оны іздеудің не қажеті бар? Сол себепті батыс жұртшылығы екі айдан бері Ресейде Кремль қажетсіз деп тапқандарды тегіс қорқынышты затпен уландыратын дәстүр бар екенін айтып келеді. Оның бұл "дәлелі" әлі күнге дейін тиімсіз болғанымен "тапсырыс берушіні" дәл табуымен ерекшеленеді. Ал сенбейтіндер мен күмәнданушыларға "қанды Лубянка" мен Путинді тағы да нұсқағысы келеді. Бұған қоса, "Скрипальдың мәселесіне қатысты бой көрсетіп еді, енді Навальный оқиғасы бойынша не себепті басы дауға қалды?" деген көзқарасын алға тартуға тырысады.

"Spiegel": "Егер бұған Путиннің қатысы болмаса?"

Навальный: "Егер тапсырыс беруші Путин болмаса, жағдай мүлдем күрделі болуы мүмкін. Мәселен, "Новичок" құйылған бір ыдыс Берлиннің ірі метросының бір станциясындағы бүкіл жолаушыны қырып тастар еді. Егер бұл улы зат үш адамға ғана емес, отыз адамға қолжетімді болса, онда жағдай тіпті қорқынышты болады", – дейді.

Сондықтан Навальный қорыққан немістерге "Новичок" сынағы тек менімен тоқтамайды. Арқаны кеңге салып, босаңсудың қажеті жоқ" деп ескертеді.

"Неміс үкіметі үндеулерінің менің тұлғама қатысы шамалы болар. Керісінше, бұл Реейдің қандай қауіпті жолмен жүріп келе жатқанын бағамдауға мүмкіндік береді. Егер Кремль мұндай операцияларға қатысса, Ресейлік саясатқа, мысалы "Солтүстік ағын-2" жобасына қатысты қарсы үндеу жариялап жүрген қандай да бір саясаткерді неге уламасқа?", – деген пікірін білдіреді ол.

Германия Алексей Навальныйдың "үнін өшірмек"
Сонымен бірге, өз сұхбатында Навальный "Солтүстік ағын-2" жобасын тоқтатуға шақырмайды. Дегенмен, оның маңызы да жоқ. Өйткені, Меркель өзінің позициясын бәрібір де өзгертпейді. Ал Ресейде мұндай сөздер тек ашу-ызаны тудыруы мүмкін. Бірақ ол Берлинге "нақты қаскүнемдерге қарсы шаралар" енгізуге кеңес береді. Өйткені, "егер Ресей элитасы Еуропаның инфрақұрылымын қолдануды жалғастыра берсе, ештеңе өзгермесі анық. Ал Еуропа өз шекараларын жауып, активтерін тәркілесе және бұдан былай шығуға рұқсат бермесе, бұл оларға қиындық туғызады", дейді ол бұл турасында.

Ендеше, оларды Еуропадан ажырату керек. Не үшін? Ресей мен батыс арасындағы қақтығысты күшейту үшін. Ақыр соңында бұл солай болады да. Себебі, Ресейде соңғы жылдары элитаны ұлттандыру процесі жүріп келеді, Путин оған батыспен Қырымға қатысты қарсыласу үрдісі басталғанға дейін араласқан. 2014 жылы бұл процесс жеделдеді. Батыс санкциялары бұған көмектесті. Бірақ бұл Ресей азаматы шетелдік мемлекеттерді өз азаматтарына қарсы санкция салуға шақыруы керек дегенді білдірмесе керек.

Бірақ олар Навальный үшін өз азаматтары болмай тұр. Оның ойынша, өз азаматтары "кісі өлтіргіш". Бұрын да ол өз азаматтарын үнемі адамгершіліктен ада етіп көрсетіп, "біз ең қатал қылмысқа дейін баратын зұлымдықтармен күресеміз" дейтін еді. Біз, бұл Навальный емес, бүкіл орыс халқы. Ол немістерге біздегі "Путиннің жақын арада орнынан түсуіне көз жеткізетін куәгерлер" сияқты мынадай ертегілерді айтады: "Жүйе өзінің өмір сүруі үшін күресіп жатыр және біз оның салдарын енді сезіндік", "нақты қылмыскерлерге қарсы еуропалық шараларды Ресей азаматтарының 95%-і қолдайды". Яғни, Навальный немістерге және бүкіл Батысқа біздің "режимге қарсы күресушілердің" "аз уақыт қана қалды, әсіресе бізге шет елдер көмектессе, Путин орнынан түседі", деген көзқарасын таңғысы келеді.

Оның президентке тағылған "бұл әрекеттің артында Путин тұрғанына сенімдімін, менің басқа нұсқам жоқ" деген айыптауы Ресейде өте өткір реакция туғызды. Мемлекеттік думаның спикері Вячеслав Володин Навальныйды "ұятсыз және арамза" дей келе, "оны ұшқыштар мен дәрігерлерден бастап президентке дейін шын көңілмен құтқарғысы келді. Навальныйдың улануымен байланысты барлық жағдайды батыс Ресейде шиеленіс тудыру және Беларусьтің егемендігін қорғауға жол бермеу мақсатында ұйымдастырды. Ал Навальныйдың өзі батыс елдерінің арнайы қызметтері мен билік органдарымен жұмыс істейді", деді.

Кремль "Навальный орталық барлау басқармасымен, орталық барлау басқармасы Навальныймен жұмыс істейді", деді. Президенттің баспасөз хатшысы Песков ОББ сарапшыларының Навальныймен жұмыс істеп жатқанын және оған "әртүрлі нұсқаулар беріп отырғанын", "бұл жағдай бірінші рет қайталанып отырмағанын отырмағанын" айтты. Навальный ашуланып, Песковты сотқа беруге шешім қабылдады. Одан өзнің америкалық барлау қызметімен байланысын дәлелдеуді талап етті.

Ресейлік СІМ Берлиннің Навальный туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Сонымен Навальный Ресейге оралуы мүмкін бе? Иә, өйткені ол өз мақсатына жетуі үшін күресуі керек. Қандай мақсат? Ресейдің құрылымы мен қозғалыс бағытын өзгерту үшін. Навальный бүгінгі сұмдықты: "Бостандықты жақтаушылар мен бізді өткенге итермелегісі келетіндер, яғни капитализммен және олигархтармен "безендірілген" Кеңес Одағына православиелік тұрғыда еліктеуге итермелейтіндер арасында қақтығыс бар", деп сипаттайды.

Навальный "Ресейдегі саяси жіктерді" былай сипаттайды: "Қоғамның бір бөлігі Путиннің мемлекет ерекше жолмен жүруі керек деген сөзін қайталайды. Бұл жерде әңгіме кейбір рухани құндылықтарға негізделген өзгеше монархия құру туралы дүниеге келіп тіреледі. Ал мен сияқты мұны өтірік пен екіжүзділік деп санайтын және осыған сенетін адамдар Ресей тек еуропалық үлгі бойынша дами алады деп есептейді".

Дегенмен, қазіргі таңда Навальный еуропалық, батыстық бағытта жүру жолын іздеудің орнына Ресейде бүкіл халыққа ортақ моральдық құндылықтарға негізделген өмір салтына қарсы автократиялық (монархиялық емес - тәуелсіз, егеменді) жүйе мен биліктің құрылуына қарсы шығып отыр.

Жақсы бастама, өзекті және ең бастысы, ауқымды. Бас шаhардың бір бөлігі отыз жыл бойы осыған ұқсас және ұлттық дүниелерге қайшы келетін барлық нәрсеге қарсы күрес жүргізіп келеді. Ал қазір "тағажайып жағдайда құтқарылған" Навальныйдың елге оралуын ерекше күтіп отыр. Әрине, ол оралады. Бірақ Навальный "Новичокқа" қатысты оқиғаны түсіндіруі керек. Жала жапқаны үшін Құдай алдында болмаса да, соттың алдында жауап беруге тура келеді.