Саясат

Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтады

Тоқаев Рахмонның екі ел арасындағы дәстүрлі достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы әріптесін 68 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі үшін атқарып келе жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Президент Рахмонның екі ел арасындағы дәстүрлі достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ-тәжік халықтарының стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретініне сенім білдірді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Трамп пен әйеліне сауығып кетуді тіледі

Айта кетсек, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 5 қазанда 68 жасқа толды.

Ол Тәжікстан Республикасын 1994 жылдың 16 қарашасынан бастап басқарады.

2015 жылдан бері "Ұлт көшбасшысы" атағына ие.