Аңдатпа

Қазақстанда 6 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 6-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

6 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде: ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету; фармацевтика саласын дамыту. Отырыс онлайн режимде PrimeMinister.kz сайтын мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 75 00 10 телефонына немесе премьер-министрдің баспасөз қызметіне press.kpm@mail.ru электронды пошта арқылы хабарласуға болады.

15.00 – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиевтің экологиялық мәселелерді шешудің Жол картасын талқылау үшін Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуі (тіркелу @ ecogeomail @ yandex.ru электронды поштасы арқылы).

16.20 – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы. Сілтемелер: www.youtube.com, facebook.com/ortcomkz

7 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Джузеппе Вердидің "Травиата" операсы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1)

10 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР 

06.00 – Qaragandy Marathon 2020. Әрбір қатысушы өз аймағында, қолайлы уақытта қашықтықты жүгіреді. Осыдан кейін өзінің жүгіріп келе жатқан трекерін qaragandy-marathon.kz ​​сайтына жүктеуі тиіс. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының және сегіз облыстың өкілдері тіркеліп, кіру жарнасын жасады: Олар: Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысы (толық ақпарат мына сілтемеде).

10.00 – Киберспорттық студенттер лигасының алғашқы маусымы - National Esports Student League. Жобаны "Халық" қайырымдылық қоры Ұлттық олимпиада комитетімен, Нұрсұлтан Назарбаев білім қорымен және Qazaq Cybersport Federation-мен бірлесіп ұйымдастырды. Студенттер лигасы тұрақты негізде өтіп тұрады және төрт маусымнан тұрады. Әр маусымда ойын дисциплиналары өзгереді (Байланыс телефоны: +7 (7172) 45 60 13).

19.00 – "Смешные деньги" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

11 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка" концерті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі,1).

12.00 – "Золотой цыпленок" қойылым-ертегісі, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (тіркелу мына сілтеме бойынша).

12.00 – Балаларға арналған "Музыкальное разноголосье" концерті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.