НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 59 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында коронавирус жұқтырғандар саны көп тіркелгені анықталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 6
- Алматы қаласы - 1
- Ақмола облысы - 4
- Атырау облысы - 1
- Шығыс Қазақстан облысы - 14
- Жамбыл облысы - 1
- Батыс Қазақстан облысы - 1
- Қарағанды облысы - 13
- Қостанай облысы - 2
- Павлодар облысы - 7
- Солтүстік Қазақстан облысы - 9.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108 236. Өткен тәулікте 72 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 103 277.