Өңірлер

Темір тесіп өткен: Алматы облысында 24 жастағы қыз жол апатына ұшырады

Қызылтоған ауылына жақын маңда көлік доңғалағының желі шығып кетіп, салдарынан жүргізуші рөлге ие бола алмай, темір тосқауылға соғылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратменті сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты Алматы – Өскемен тасжолының 209 шақырымында өткен жексенбіде болған. Алдын ала болжам бойынша бір доңғалақтың желі шығып кеткен.   

"Kia Rio маркалы автокөліктің жүргізушісі – 24 жастағы К. есімді қыз Алматы – Өскемен тасжолымен солтүстікке қарай бара жатқан. 209 шақырымда Қызылтоған ауылына жақын жерде алдыңғы сол жақ доңғалақтың желі шығып кеткен деп болжанып отыр. Соның салдарынан көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, темір тосқауылға соғылған", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Көкшетаулық танымал кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды 

Жол апаты кезінде тосқауылдың темірі көлікті тесіп өткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

"Ол жедел жәрдем бригадасы келгенше оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345 бабы – "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Соның аясында трагедияның себептерін анықтау мақсатында бірқатар сараптама тағайындалды", - дейді құқық қорғаушылар.