Қоғам

Әйелдер сөмкесі өте қауіпті екені анықталды

Сөмкенің ішіндегі заттарда ішек таяқшалары, ішек инфекцияларын қоздырғыш вирустар, стафилококк, стрептококк, энтерококк болады. Әсіресе, былғары сөмкеде микроағзалар жылдам таралады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Әйелдер сөмкесі мен ішіндегі заттар қауіпті аурулардың қоздырғышы болады, деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Қолды жумай ұстап, үстел, орындық пен еденге қойғандықтан, сөмкеге түрлі микроағзалар түседі. Оның үстіне сөмке өте сирек жуылады. 

Мамандардың айтуынша, сөмкенің ішіндегі заттарда ішек таяқшалары, ішек инфекцияларын қоздырғыш вирустар, стафилококк, стрептококк, энтерококк болады. Әсіресе, былғары сөмкеде микроағзалар жылдам таралады.

Үнемі сөмкеде болатын заттар қауіпті патогендерді тасымалдауы мүмкін. Алғашқы үштік қатарында қолға арналған крем, далап, тырнаққа арналған құралдар, кірпікке арналған тушь бар. Бұдан бөлек, сөмкеде әмиян, ұялы телефон, тарақ, қалам, төлқұжат және өзге құжаттар бактерия таратады.

Мамандар сөмке мен қолды антисептикпен тазалау керек екенін айтып отыр. Жиі қолданатын заттарды арасында жуып отырған дұрыс. Сонымен бірге сөмкені жерге, қоғамдық көліктегі орындыққа қоймаған жөн.