Қоғам

Тоқаев мұғалімдерге: күрделі кезеңге қарамастан мемлекет қолдау көрсете береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қиын кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді Ұстаздар күнімен құттықтады.

"Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді", - деп жазды президент Twitter-де.

Қазақстанда ұстаздардың төл мерекесі қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

Мұғалімдер күні қарсаңында жыл сайын республикалық "Үздік педагог" байқауының жеңімпаздары марапатталады. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты.

Биыл республика бойынша 64 ұстаз үздік атанды. Оларға төсбелгі мен 2 778 000 теңге сыйақы табысталды.