Оқиға

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін қиды

Павлодар облысының тас жолында жеңіл көлік пен трактор соқтығысты, салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы мерт болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Павлодар облысында жеңіл автокөлік трактор тіркемесімен соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Трагедия 3 қазан сағат 21.10-да Ақтоғай ауданы Ақтоғай-Шолақсор автожолының 63-ші шақырымында болды.

ВАЗ-21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі МТЗ тракторының тіркемесімен соқтығысқан. Трактордың рөлінде 47 жастағы жүргізуші отырған.

Тағы оқыңыз: "Айналайын, жоғарыдағы көкелер!": досының өлімін көрген жігіт жанайқайын жазды

Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен салондағы төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеріс жүріп жатыр.