Оқиға

Ақтауда көшенің қақ ортасында төбелескен қыз бен жігіт видеоға түсіп қалды

Кадрда бойжеткеннің жұдырық ала жүгіргені көрінеді. Ал жігіт соққыға жыққан жоқ, тек сырт киімімен қорғанып, кетіп қалуға тырысты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Ақтауда көшенің қақ ортасында қыз бен жігіт төбелесті.

Оқиға 16, 17, 18 және 19 шағын аудандары көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Lada.kz.

Кадрда бойжеткеннің жұдырық ала жүгіргені көрінеді. Ал жігіт соққыға жыққан жоқ, тек сырт киімімен қорғанып, кетіп қалуға тырысты.

Кейін полиция оқиғаға байланысты 102 нөміріне хабар түспегенін айтты. 

"Маңғыстау облыстық ауруханасына да ешкім жүгінген жоқ", - деді полицияның генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.