Өңірлер

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулері облыстың Панфилов ауданының аумағында, Алматы қаласынан 286 шақырым қашықта тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Сейсмикалық стансалар желісі сенбі күні жергілікті уақытпен сағат 17.50-де Алматы облысында жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Панфилов ауданының аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 шақырымда орналасты", - деп мәлімдеді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен.

Энергетикалық класы – 8.6. Магнитудасы MPV 3.7.

Жер сілкінісінің ошағы – 15 шақырым тереңдікте.

Жерасты дүмпулері (МSК-64 шкаласы бойынша) сезілген жоқ.

Тағы оқыңыз: Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы облысы ТЖД жер сілкінісі туралы ақпарат алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, Қазселқорғауға, прокуратура және басқа да ұйымдарға хабар берді.

Қирандылар мен құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ.