Аңдатпа

Қазақстанда 4 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 4-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұйымдастырған күзгі жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің орталық кеңсесі, Нұр-Сұлтан қаласы, Қошқарбаев даңғылы, 26).

Нұр-Сұлтанда Қостанай және Қарағанды облыстары фермерлерінің жәрмеңкесі өтеді ("Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы маңындағы алаң, Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы)

5 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Жергілікті полиция қызметінің реформасы және қазақстандық полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі туралы" онлайн брифинг. Спикер: ІІМ кадрлық саясат департаментінің басшысы Айдар Сайтбеков.

7 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Джузеппе Вердидің "Травиата" операсы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі,1)

10 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР 

10.00 – Киберспорттық студенттер лигасының алғашқы маусымы - National Esports Student League. Жобаны "Халық" қайырымдылық қоры Ұлттық олимпиада комитетімен, Нұрсұлтан Назарбаев білім қорымен және Qazaq Cybersport Federation-мен бірлесіп ұйымдастырды. Студенттер лигасы тұрақты негізде өтіп тұрады және төрт маусымнан тұрады. Әр маусымда ойын дисциплиналары өзгереді (Байланыс телефоны: +7 (7172) 45 60 13).

19.00 – "Смешные деньги" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

11 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка" концерті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі,1)

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (тіркелу мына сілтеме бойынша).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.