НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан - Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы өткен күнмен салыстырғанда 1,75 теңгеге әлсіреп, 431,12 теңгені құрады.
Аталған курс 2,3 қазан, демалыс күндері және 4 қазан, дүйсенбіде ресми түрде сақталады.
Жұма күні доллар бағамы тағы да 430 теңгені еңсерді, ал өткен бейсенбіде, 18 қыркүйектен бастап алғаш рет теңге 2 теңгеге нығайып, АҚШ долларына шаққанда 429,37 теңгені құрады.
Теңгенің бағамына мұнай бағасының төмендеуі әсер етті. Brent маркалы мұнайдың бағасы жұма күні 16 маусымнан бері алғаш рет барреліне 39 доллардан төмендеді.
Оқи отырыңыз: Күзде теңге тағы құнсыздана ма – сарапшылар пікір білдірді
Мұнай бағасының тұрақсыздығы АҚШ президенті Дональд Трамптың өзінің және әйелінің коронавирус инфекциясын жұқтыруын Twitter-де растап жариялаған жазбасынан кейін байқалған. Сонымен қатар, нарықта коронавирус дағдарысы кезінде сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік жағдайына қатысты белгісіздік орнап тұр.
Испания үкіметі мен Мадрид билігі COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты жағдайдың күрделенуіне орай, бүкіл қала мен қала маңын ішінара оқшаулау туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлаған еді бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған батыстың бұқаралық ақпарат құралдары.
Сонымен қатар, Париж және оның маңындағы аймақтар дүйсенбіден бастап "жоғары дайындық" режиміне көшуі мүмкін, бұл отбасылық іс-шараларға тыйым салуды және барлардың толық жабылуын білдіреді, деп жазды Le Figaro газеті Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веранға сілтеме жасап.
"Еуропаның көп елінде қозғалыс қайта шектелуі мүмкін деген болжам бар, ал бұл қысқа мерзімде сұраныс қайта қалпына келеді деген үмітті сейілтеді", - дейді S&P Global Platts Оанда сарапшысы Эдвард Мояға сілтеме жасай отырып.