НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президенті – қарулы күштердің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы мен азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы туралы, сондай-ақ, Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде қорғаныс министрінің есебін тыңдады.
Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді
© Официальный сайт Президента Казахстана
Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды.
"Соның ішінде қарулы күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-көліктік авиация мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды", – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Оқи отырыңыз: Тоқаев еріктілер үшін жақсы жаңалықты бөлісті