Оқиға

"Мұндай ешқашан болған емес": Атырау облысында бірнеше қабір қиратылды

Күдіктінің ұсталғаны хабарланып отыр. Қазіргі уақытта оқиғаның себебін жергілікті полицейлер анықтап жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан — Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданында қабірлер қиратылды, деп хабарлайды жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.

Оқиға 27 қыркүйек күні болған. Белгісіз біреулер Мәтен қожаның және тағы 12 қабірді талқандады. Олар қасиетті жерлерге келетін жолаушыларға арналған үйді өртеген.

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков аудан тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Ол киелі жерге қарайтын қызметкердің туысы болып шықты.

"Ауыл тұрғындары шошып отыр. Мұндай ешқашан болған емес", - деді аудан әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, оқиғаға не себеп болғаны анықталып жатыр.