Өңірлер

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

Күдіктілерді тінту шаралары барысында жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотталушыларға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысында полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан адамдарды әшкерелеп, ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзге өңірдің екі тұрғыны 700 келі есірткімен ұсталды 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың айтуынша, тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған.

"Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері шекарада марихуана сатып алып отырғандығы анықталды, оны сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған", - дейді Қалметов.

Жыл басынан бері облыс бойынша есірткімен байланысты 508 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.