Фото

Әлемдегі ең әдемі кітапханалар – әсерлі суреттер

Sputnik

Осы бір сұрақтың жауабын ойлана отырып, әлемдегі ең әдемі кітапханалардың фотосуреттерін тамашалаңыз

Жуырда елорда мәслихатының депутаты Мирас Шекенов қаланың кітапхана қорын цифрландырып, оны бір кітапхана желісіне біріктіру жөнінде ұсыныс тастады. Оның пікірінше, қалғандарын астаналықтардың бос уақытын өткізуге арналған жаңа кеңістікке айналдырған жөн.

Бұл сөзін Шекенов жыл сайын елдің бас шаhарындағы кітапханаларға баратын азаматтар санының азайып келетінімен және рухани кемелдену ордасын қамтамасыз етуге бюджет қоржынынан бөлінетін қаржы мөлшері айтарлықтай орасан екендігімен түсіндірді.

Қазір Қазақстанның бас шаhарында 18 көпшілік және балалар кітапханасы бар. Олардың қорында барлық жастағы азаматтарға арналған және әлемнің 100 тіліндегі бір миллионнан астам кітап тұр.

Sputnik Қазақстан әлемнің ең әдемі кітапханалары бейнеленген фотосуреттер топтамасын назарыңызға ұсынады.

Білім мен тарихтың қазынасы шоғырланған бұл кітапханаларда соңғы үлгідегі гаджеттің экраны жеткізе алмайтын тамаша атмосфера бар.

Әлемдегі кітапханалар туралы қызықты деректер

  • Ең көне кітапхана Египеттің Синай түбегінде орналасқан. Бұл Әулие Екатерина ғибадатханасының кітапханасы. Ол 6-шы ғасырдың ортасында салынған және әлемдегі екінші діни орынға айналды (Ватиканнан кейін). Кітапхананың есігі қарапайым адамдар үшін жабық, сондықтан ондағы әдебиетті алуға тек монахтар мен шақырылған студенттерге ғана рұқсат етілген.
  • Әлемдегі ең үлкен кітапхана – АҚШ конгресінің кітапханасы. Оның қорында 158 миллионға жуық кітап бар. Оларға жай ғана көз жүгіртіп өту үшін 130 жылдай уақыт қажет.
  • Әлемдегі ең шағын кітапханалар Нью-Йоркте орналасқан, онда тек бір адамға ғана шақталған орын бар. Қорда бар-жоғы 40 кітап тұр. Шағын кітапхананың мақсаты – мегаполис тұрғындарына қаланың қайнаған өмірі мен қарбалас тіршілігінен аз уақытқа болсын демалуға көмектесу. Инновациялық кітапхана қорындағы әдебиеттердің арнайы қорғаныш мұқабасы бар.
  • Әлемдегі ең биік кітапхана Шанхай қонақ үйінде, 230 метр биіктікте орналасқан. Қорда қытай және ағылшын шығармаларының коллекциясы сақталған. Алайда кітапхананың ауданы небары 57 шаршы метрді құрайды.
  • Ең алғашқы кітапханашы – грек сыншысы және Гомер түсіндірушісі – Зенодот.
  • Алғашқы "көшпелі кітапхана" 1857 жылы пайда болды. Ол Камбрия аудандарында саяхат жасады. Мұндай кітапхананы құру идеясы әдебиетті қарапайым азаматтар арасында насихаттағысы келген меценат Джордж Мурға тиесілі.
  • Кітапханаларда көбінесе Інжіл немесе Гиннестің рекордтар кітабы қолды болып жатады.
  • Германияда бір-екі еуро төлеп, бір айға жергілікті суретшінің кез келген картинасын алуға мүмкіндік беретін көркемөнер кітапханалары бар.
  • Егер сіз Норвегияда кітап шығарсаңыз, үкімет оның 1000 данасын сатып алып, елдің барлық кітапханасына жібереді.
  • Гарвард университетінің кітапханасы сыртқы мұқабасы адам терісінен жасалған кітаптардың коллекциясымен мақтана алады.
  • Амстердамдағы әуежайлардың бірінде "сенім" кітапханасы бар. Онда кітапханашы деген атымен жоқ, кітапты қайтару мерзімі де белгіленбеген. Егер адам белгілі бір кітапты алғысы келсе, оның орнына басқа кітапты қалдырып кетуі керек.
1 / 14
Әлемдік кітапханалар туралы ең қызықты деректерді біздің материалымыздан оқыңыз! Суретте: ең үлкен ғибадатхана кітапханаларының бірі – Австриядағы Адмонт аббаттығының кітапханасы. Оның ұзындығы - 72 метр.
2 / 14
Әулие Галл ғибадатханасының кітапханасы – Швейцарияддағы ең ежелгі кітапхана.
3 / 14
Ватикан апостол кітапханасы – бұл Ватикандағы орта ғасырлық және Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуіріндегі қолжазбалардың ең бай коллекциясы сақталған кітапхана.
4 / 14
Манчестердегі Джон Райландс кітапханасы.
5 / 14
АҚШ конгресі кітапханасының қорында 158 миллионға жуық кітап бар. Оларға жай ғана көз жүгіртіп шығу үшін 130 жылдай уақыт қажет.
6 / 14
Цюрих университеті құқық институтының кітапханасы.
7 / 14
Джордж Пибоди кітапханасы, Балтимор, АҚШ.
8 / 14
Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы – әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі. Сондай-ақ, дүниежүзіндегі ең ауқымды ғылыми кітапханалық жүйелердің
9 / 14
Прагадағы Страхов ғибадатханасы кітапханасы, Чехия.
10 / 14
Дублиндегі Тринити-колледжі кітапханасы, Ирландия.
11 / 14
Рейксмюсеум зерттеу кітапханасы Нидерландыдағы өнер тарихын зерттейтін ең үлкен кітапхана және өнер мұражайының бір бөлігі саналады.
12 / 14
Штутгарт қалалық кітапханасының негізі 2011 жылы қаланған.
13 / 14
Португалия корольдігі кітапханасы, Рио-де-Жанейро, Бразилия.
14 / 14
Веймардағы герцогиня Анна Амалия кітапханасында неміс әдебиетінің және тарихи құжаттардың үлкен коллекциясы бар. Тюрингия, Германия.