НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Олардың арасында көкшетаулық танымал кәсіпкер Владимир Свидерский болды, деп хабарлады Kokshetau.asia.
Свидерский жанармай құю бекеттері желісіне иелік еткен.
Көкшетаулық танымал кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды
© Photo : eto_kokshetau_detka/instagram
Жол апаты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 285-ші шақырымында болды. 1960 жылы туған Владимир Свидерскийдің Range Rover көлігімен бес адам Көкшетау қаласынан елордаға жол тартқан.
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды
716 порталының хабарлауынша, апат салдарынан Свидерский мен 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов сол жерде қайтыс болған. Тағы бір жолаушы – 1963 жылы туған Валерий Бевзовой ауруханада жан тапсырды.
"Екі жолаушы түрлі жарақатпен Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.